Өмірдің мәні өте қарапайым, Алла адамзатты өзіне құлшылық ету үшін жаратқан. Аллаһ Субханаху уа Тағала былай дейді: «Жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылсын деп жараттым» (Құран, 51:56-58). Алла Тағала Құранда адамды жер бетіндегі сенімді өкілі халифа етіп жаратқанын айтады (Құран 2:30).